Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемде 5 елде ғана бар": Тоқаев Атырауда полипропилен өндіретін газ-химия кешенін іске қосты (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев газ-химия кешенінде
Қасым-Жомарт Тоқаев газ-химия кешенінде. Фото: Ақорда

Президент Атырау облысына жұмыс сапары барысында "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС-на қарасты біріктірілген газ-химия кешенін іске қосты, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мемлекет басшысына газ-химия кешенінің даму перспективасы туралы баяндады. Жалпы, кешен құрылысына 4300 адам жұмысқа тартылған. Ол толық іске қосылғанда 631 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев газ-химия кешенін іске қосуда
Қасым-Жомарт Тоқаев газ-химия кешенін іске қосуда. Фото: Ақорда

"Теңіз" кен орнында өндірілетін шикізатты өңдеуге бағытталған кәсіпорын жылына 500 мың тонна полипропилен шығара алады. Бұл әлем бойынша полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды.

зауыт
Газ-химия кешені. Фото: Ақорда

Өндіріс ошағы еліміздің полипропиленге деген сұранысын өтеп қана қоймай, құрылыс, медицина, автомобиль құрастыру, тамақ өнеркәсібі секілді салаларда полипропиленнен түрлі бұйым шығаратын шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді.

зауыт
Қасым-Жомарт Тоқаевтың газ-химия кешені жұмысшыларымен кездесу сәті. Фото: Ақорда

Кәсіпорында америкалық "Lummus Technology Inc" компаниясының Catofin және Novolen технологиялары пайдаланылады. Әлемде мұндай кешен Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай секілді 5 елде ғана бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996275-alemde-5-elde-gana-bar-toqaev-atyrauda-polipropilen-ondiretin-gaz-ximiya-kesenin-iske-qosty-foto/

pixel