Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда шаш алдыруға келген ер адам ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Шаштараз
Шаштараз. Көрнекі фото: pixabay.com

Теміртауда шаш алдыруға келген ер адам ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне қаладағы шаштараз салонында жұмыс істейтін 24 жастағы қыз арызбен шағымданған.

Ол полицейлерге шаштаразға келушілердің біріне қызмет жасап жатқанда өзінің телефонын ғимараттағы үстелге қойып қойғанын, кейін оны біреу ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құраған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы азамат ұсталды.

Ол кінәсін мойындау белгілерін көрсетті. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996304-temirtauda-sas-aldyruga-kelgen-er-adam-urlyq-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel