Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен бұрынғы вице-министр ұсталды

Опубликовано:

экс вице-министр
Ұстау операциясы. Видеодан кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми Telegram-арнасында.

Ведомстоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп пайдалы қазбалар кен орындарын берудің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

"Министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесінде әрекет ете отырып, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз бергені анықталды. Бұрын жүргізілген барлау фактісі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған.

Нәтижесінде лауазымды тұлғалармен үлестес кәсіпкерлер қол қою бонусының ең төменгі құны үшін нарыққа қатысушылардың бәсекелестік, қолжетімділік және тең құқықтылық қағидаттарын бұза отырып, өндіруге дайын кен орындарын алған", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Ведомство атап өткендей, осылайша кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңге алмаған.

Ал 7 қарашада лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталған.

Тергеу кезінде Тоқтабаев пен оның жақын туыстарының (элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8) қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталып, сот санкциясымен бұғатталған.

Агенттік тергеу жалғасып жатқанын, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейтіні атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996352-lauazymdyq-okilettigin-asyra-paidalandy-degen-kudikpen-buryngy-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-vice-ministri-ustaldy/

pixel