Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы интернат-үйлерді бөліп, ықшамдау жоспарланып отыр

Опубликовано:

пожилой человек
Фото: pixabay

Қазақстанда мемлекеттік интернат-үйлерді ықшамдап бөлу жоспарлануда. Бұл мұқтаж азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылған арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту аясында азаматтарға ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуді шағын жинақты әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшіру жоспарлануда. Осы орайда арнайы қызмет алушылар тұратын жерлер назарда болады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бүгінде аталған қызметтердің басым бөлігін 116 ірі мемлекеттік интернат-үйі көрсетеді. Оларда тұратын адам саны кейбіреулерінде 300 адамға жетеді. Бұл, әрине, көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпей қоймайды.

Бұл ретте арнайы қызметтер қалалар мен облыс орталықтарында көрсетіледі. Ал ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар адамдардың 45 пайызынан астамы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері ұсынатын ортақ, қолдаушы әлеуметтік қызметтерді ғана алады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін шағын жинақты ұйымдар ашқан жеке сектор субъектілері арасында мемлекеттік тапсырысты кеңейту есебінен интернат-үйлерді шағындау осы түйткілдерді шешуге арналған.

Ірі интернат үйлеріне келетін болсақ, олар біртіндеп жаңа технологияларды енгізу және әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталықтарына немесе көпсалалы шағын әлеуметтік қызмет көрсету үйлеріне айналады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта республикада 178 үкіметтік емес ұйым және жеке сектор субъектісі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Арнайы қызмет көрсетудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында қолданыстағы стандарттар, атап айтқанда, тариф белгілеу саясаты қайта қаралады. Жалпы тарифтердің орнына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін жан басына шаққандағы норматив және компенсаторлық техникалық құралдарды беретін ұйымдар үшін шекті бағалар енгізіледі.

Сондай-ақ адамның тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне немесе тап болған өмірлік қиын жағдайдың түріне байланысты әлеуметтік қызметкерлер атқаратын қадамдық алгоритмдері бекітілген арнайы қызмет көрсетудің қолда бар стандарттары өзектендіріліп, жаңа стандарттар әзірленеді.

Әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға қызмет көрсету ұйымдары арнаулы тауарлар мен қызметтерді таңдаумен қатар, әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігін де ұсынады.

Ол үшін олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат бар Әлеуметтік қызметкерлер тізілімі қалыптастырылады. Әлеуметтік қызметкерлер үшін ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескере отырып, кәсіби стандарттар әзірленеді.

Жалпы, жаңғырту қадамдары мұқтаж азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсартуға және қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996384-qazaqstandagy-internat-uilerdi-bolip-yqsamdau-zosparlanyp-otyr/

pixel