Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде өз қолымен көлігіне нөмір жазып алған жүргізуші анықталды

Опубликовано:

қолдан жазылған нөмір
Фото: Telegram/POLICE_of_KZ

Семей қаласында жүргізушілердің бірі қағаздан көлігіне мемлекеттік нөмір жазып алған. Аталған факті бойынша көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ жаңалықтар арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, Семей қаласында көшелердің бірінде біртүрлі көлік нөмірін байқаған тұрғындар @_osa_semey қоғамдық сайтына оның фотосын жіберген.

Абай облысының полиция департаменті желіге мониторинг жүргізу барысында бұл жазбаға назар аударып, фактіні тексерген. Нәтижесінде Daewoo NEXIA көлігінің 28 жастағы жүргізушісі анықталған.

Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-бөлігі ("Мемлекетік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ көлігі айыппұл тұрағына қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996400-semeide-oz-qolymen-koligine-nomir-zazyp-algan-zurgizusi-anyqtaldy/

pixel