Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Опубликовано:

Полиция қызметкері мен көлігі
Полиция қызметкері мен көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында 9 қарашадан бастап Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұған Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департментінің мәліметінше, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатындағы іс-шара аясында қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің саны артып отыр.

"Полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда", – дейді полиция өкілдері.

Сонымен қатар ведомство полиция көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерістер жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкетумен айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша полиция департаментінің жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді", – деп қосты құзырлы орган.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және ескертуге бағытталған ауқымды шара.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996404-almaty-policeileri-kuseitilgen-zumys-rezimine-kosti/

pixel