Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Өткен тәулікте Алматыда 163 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 48 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай, Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамыз. Көбіне бұл үндеу көлікті басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға үндейміз.

Әдетте ауа райының нашарлауы жалпы жол қозғалысы жағдайына әсер етеді. Біз автоәуесқойларды көліктерін қыс мезгіліне алдын ала дайындау керектігін, қысқы дөңгелектерге ауыстыру қажеттігін ескертеміз.

Бұл үндеу қазір өте өзекті және жолдардағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді", – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996412-almatyda-bir-taulikte-160-tan-astam-zol-apaty-tirkeldi/

pixel