Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімі ұмытылмайды": Тоқаев Көпен Әмірбектің жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

"Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді.

Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, бүгін, 9 қарашада 73 жасқа қараған шағында белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996479-esimi-umytylmaidy-toqaev-kopen-amirbektin-zaqyndaryna-konil-aitty/

pixel