Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддерде төтенше жағдай температуралық режим толық қалпына келтірілген соң ғана алынады

Опубликовано:

ЖЭО
ЖЭО. Фото: Энергетика министрлігі

Бүгінгі таңда Риддер тұрғындарының үйлеріндегі температура 18-ден 24 градусқа дейін көтерілді. Қазіргі таңда жылу электр орталығының 1,2,3 және 6-шы жылу қазандықтары жұмыс істеп тұр. Жылу температурасы 70 градусқа дейін көтерілді. Алайда жылу беру толық қалпына келтірілмейінше, төтенше жағдай режимі алынбайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Риддер әкімі Дмитрий Горькийдің сөзінше, төртінші және бесінші қазандықтарды қалпына келтіру жұмыстарының тізімі жасалды. Жөндеуге қажетті құрлғылардың барлығы жеткізілді. Бір аптадан соң төртінші қазандық іске қосылады, ал бесіншісін қосуға аздаған уақыт керек.

Риддер тұрғындарының көпшлігін толғандырып отырған төлемдерді қайта есептеу мәселесіне келетін болсақ, Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұл талаптың заңда екенін айтып отыр. Оның үстіне кейбір тұрғындар коммуналдық төлемдерді алдын ала төлейді.

”Қазіргі таңда жылу энергиясының қанша көлемі жеткізілмегендігі есептеліп жатыр. Оның нәтижелері жылумен қамтамасыз ететін компанияға жіберіледі. Егер ЖЭО басшылары қайта есептеуден бас тартатын болса, біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсіреміз.

Қалыптасқан жағдайға кінәлілерді жазалу бойынша тергеу жұмыстарымен құзырлы және қадағалаушы органдар айналысып жатыр. Осы уақытқа дейін ЖЭО-да Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов болды”, - деді Дмитрий Горьковой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996501-ridderde-totense-zagdai-temperaturalyq-rezim-tolyq-qalpyna-keltirilgen-son-gana-alynady/

pixel