Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында жүкті әйелді перзентханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

Опубликовано:

Жедел жәрдем қызметкері мен көлігі
Жедел жәрдем. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жетісу облысының Алакөл ауданында жүкті әйелді ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті. Дәрігерлерге полицейлер көмекке келді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 8 қараша күні Алакөл ауданында, Алматы – Өскемен тас жолында болған.

Полицияның айтуынша, Қабанбай ауылынан толғатып жатқан жүкті әйелді дәрігерлер Үшарал қаласына жеткізбек болған. Бірақ жолда көліктің төменгі бөлігінде өрт шығып, жедел жәрдем діттеген жеріне жете алмайды. Абырой болғанда жақын жерде республикалық жолдың аталған учаскесін бақылайтын полиция автопатрулі тұрған. Олар толғатып отырған әйелді шұғыл түрде перзентханаға жеткізді.

"Біздің қызметкерлері Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов жүкті әйелді дереу полиция патруліне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді, онда әйелге қажетті көмек көрсетілді," – деді Жетісу облысы ППБ бастығының орынбасары Абылай Беркендіков.

Жедел жәрдем қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыстарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996506-zetisu-oblysynda-zukti-aieldi-perzentxanada-apara-zatqan-zedel-zardem-koligi-ortenip-ketti/

pixel