Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұтысымды сіңілім мен анама беремін": Алматы облысының тұрғыны "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясына қатысып, 5 млн теңгеден аса ұтысқа ие болды

Опубликовано:

Эльмира
Фото: Satty Zhuldyz

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылының Эльмира Досжанова есімді тұрғыны "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясына қатысып, 5 миллион теңгеден астам соманы ұтып алды. Айтуынша, бұған дейін оның әкесі де дәл осы лотереяға қатысып, "Lada" көлігін ұтқан екен. Сауда өкілі болып қызмет ететін Эльмира көпті лотереяға қатысуға, алайда шектен шықпауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеңімпаздың айтуынша, ол "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясының қомақты ұтысына ие болғанына бірден сене қоймаған.

"Есімім Эльмира, Қызылорда облысының тумасымын. Бүгінде Алматы облысы Қарасай ауданы, Шамалған ауылында тұрып жатырмын. Бұл лотереяға негізінен әкем қатысатын, тіпті бір жолы "Lada" көлігін де ұтқан. Ол кезде оның бағасы шамамен 6100 доллардай болды ғой деймін. Әкем маған да "Лотереяға қатыс, бірақ кұнықпа, көп дегенде 2-3 билет ал" деп айтатын. Өзі де 2-3 билет алумен ғана шектелетін. Сөйтіп бір күні мен сауда орталықтарының бірінен "Сәтті Жұлдыз" сату нүктесін көріп, 2-3 билет алып, тексерттім, бірақ ұтыс шықпады. Ал, кеше айлық түсіп, "Сәтті Жұлдыз"-дың "TeleBingo" лотереясына билет алып тұрғанымда, сатушы менен: "Науқанға қатысасыз ба?" деп сұрады. "Науқанға қатысу үшін маған қанша билет алу керек?" деп сұрағанымда, ол бесеу деді. Мен басында жоқ деп, бас тарттым. кейін 3 билеттің ақшасын төлеп тұрып, 3 билет пен 5 билеттің айырмашылығы бар-жоғы 1000 теңге екенін түсініп, 5 билет алатын болдым. Ішімнен нар тәуекел, құдай жар болсын деп ойладым. Лотерея тиражы өткен күні, яғни сенбі күні билеттерді өзім емес, сіңілім тексерді. Бастапқыда бес миллион шыққанын көрсем де, сенбедім. Кейін тағы тексеріп көрдік, тағы сол сома шықты. Сіңілім: "Әпке құтты болсын, ұтып тұрсыз ғой" деді. Осылай жеңімпаз атандым", - дейді ауыл тұрғыны.

Эльмираның сөзінше қуанышты жаңалықтың куәсі болатынын ол іштей сезіп жүрген.

"Негізі көптен бері қуанышты жаңалықтың боларын іштей сезіп жүрдім. Бірақ қандай екенін білмедім, бәлкім ақша емес, басқа жағынан жақсы жаңалықтар болады деп жүрдім", - дейді жеңімпаз.

Сауда өкілі болып қызмет ететін Эльмира бұған дейін мұндай ірі сомада қаржы ұтпағанын атап өтті. Сонымен бірге "Сәтті Жұлдыз" жеңімпазы ұтысты қайда жұмсайтынын да айтты.

"Бұған дейін мен мұндай ірі көлемде ақша ұтқан жоқпын, әкем де көп уақыт бойы ауқымды ештеңе ұтпай жүрді, тек майда-шүйде ұтыстар алған еді. Бірақ сәті түскен күні көлік ұтты. Менде бұған дейін тек аз көлемдегі ұтыстар алғанмын. Ал кеше көргендеріңіздей 5 миллион теңгеден астам қаражат ұтып алдым. Сол себепті лотереяға қатысыңыздар, алайда қатты құнығып кетпеңіздер. Билетті 2-3-тен алыңыздар, шынымды айтсам мен бірінші рет бұл жолы 5 билет алдым, оның өзін науқан болған соң және пәтер ойнатылады деген соң алдым. Кім біледі бәлкім пәтер ұтып қаламын. Ақшаны қайда жұмсайтыныма келер болсам, былтыр сіңілімнен қарызға 6 миллион теңге алып, жер үй алғанмын, соның екі миллионын қайтарып, қалғанын екі жылда жауып беремін дегенмін. Құдай аузыма салған шығар, міне шүкір екі жылда жауып тұрмыз. Үкіметке он пайыздан салық төлеп жатырмыз ғой, сол сияқты менің отбасымдағы Үкімет анам болғандықтан, қалғанын анама беремін", - деп күлді "TeleBingo" лотереясының "Bingo" санаты бойынша 5 миллион теңге ұтқан Эльмира Досжанова.

Айта кетерлігі, "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы 13 қараша күні "TeleВingo" лотереясы аясында кезекті пәтер ұтысын өткізеді. Ол үшін көрермендер 2500 теңгеге 5 билет сатып алып, аталған науқан қатысушысы атана алады. Билеттерді сатып алу орындарынан немесе sz.kz сайтынан сатып алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996537-utysymdy-sinilim-men-anama-beremin-almaty-oblysynyn-turgyny-satti-zuldyz-ulttyq-lotereyasyna-qatysyp-5-mln-tengeden-asa-utysqa-ie-boldy/

pixel