Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы мамандарға қойылатын талап күшейтілді

Опубликовано:

рабочие на стройке
Фото: pixabay

Қазақстанда өндірісте жарақаттануды азайту мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар күшейтілді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінен.

Биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шексе, оның 134-і қайтыс болды. Жазатайым оқиғаларға соқтырған негізгі себептер мынадай: жәбірленушінің сақтық шараларын өрескел бұзуы (34,9%); жұмыс өндірісін жеткілікті дәрежеде жақсы ұйымдастырмау (28,3%); еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,1%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,1%).

Көбінесе өндірістік жарақаттану мәселесін жұмысшыларды қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға оқытудың сапасыз жүргізілуі ушықтырып жатады. Кәсіпорын басшылары көп жағдайда бұған салғырт қарайтындықтан, мұндай жұмыс берушілер арасында қызметкерлерінің жарақат алу деңгейі төмендемей тұр.

Осыған байланысты 2022 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2015 жылы бекітілген Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқау беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Жауапты қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселелеріне оқыту мен білімін тексеру бөлігінде жұмысты күшейту шеңберінде, жалпы кәсіби құзыреттіліктер мен арнайы кәсіби құзыреттіліктерді дамыту сияқты стандарттар енгізілді.

Мысалға жалпы құзыреттер бойынша оқыту мен білімді тексеру бір рет және қайта тапсырусыз жүргізіледі. Арнайы кәсіптік құзыреттер үшін – экономикалық қызмет түрі мен еңбек жағдайларын ескере отырып, үш жылда бір рет.

Жауапты қызметкерлерді оқыту ұзақтығы кәсіпорынның санатына байланысты. Бұл тұста жалпы кәсіби құзіреттілікті дамыту үшін оқыту дегеніміз:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – кемінде 72 академиялық сағат;
  • Орта бизнес үшін – кемінде 40 академиялық сағат;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, оның ішінде микрокәсіпкерлік үшін – кемінде 24 академиялық сағат.

Арнайы кәсіби құзыреттерді дамыту үшін оқытуға мыналар жатады:

  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – кемінде 40 академиялық сағат;
  • Орта бизнес үшін – кемінде 24 академиялық сағат;
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, оның ішінде микрокәсіпкерлік үшін – кемінде 16 академиялық сағат.

Қағидаларға енгізілген өзгертулер оқу бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша тест сұрақтарының санын айқындайды – 80-нен аспауға тиіс. Емтихан кемінде 70% дұрыс жауап болған жағдайда тапсырылды деп есептеледі. Тестті аяқтауға 60 минут уақыт бар. Емтихан тек автоматтандырылған түрде өтеді.

Сонымен бірге қарапайым жұмысшылар бұрынғыдай жылына бір рет оқудан өтіп, білімін тексеруден өтетіні нақтыланған. Сүрінген сәтте оларға қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бірақ оған дейін олар жұмыстан уақытша шеттетілуі керек.

Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қызметкерлер бірінші рет өтпей қалса, сынақты қайта тапсыра алады. Алайда егер екінші талпыныс сәтсіз болса, онда жұмыс берушілерден оларды жұмыстан шеттетіп қана қоймай, орнынан босату талап етіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінен хабарлағандай, мұндай өзгерістер кәсіпорын қызметкерлерін оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996563-qazaqstanda-enbek-qauipsizdigi-men-ony-qorgau-salasyndagy-mamandarga-qoiylatyn-talap-kuseitildi/

pixel