Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Инфляцияны үнемі импорттай алмаймыз": Әшімбаев бағаның өсуімен күресу туралы айтты

Опубликовано:

Азық-түлік дүкені
Азық-түлік дүкені. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында елдегі инфляцияның қарқынын не төмендететінін айтты. Сондай-ақ ол импорттық өнімге басымдық берілген желілік нүктелерді бақылауға алуды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәулен Әшімбаев қазір халықты бірінші кезекте азық-түлік бағасының айтарлықтай қымбаттауы алаңдатып отырғанын айтты.

"Шынында да, коронавирус салдары, санкциялық соғыстар және бүгінде әлемде болып жатқан геосаяси текетірес энергия ресурстарының құнына және жалпы бағаға әсер етеді. Сонымен бірге, инфляцияны импорттап жатқанымыз анық. Біздің сыртқы жағдайлардың ықпалында екеніміз де анық, бірақ бәрі сыртқы әсерде деу де үстірт ұстаным", – деді ол министрлер кабинетіне.

Спикер азық-түлік импортына тәуелділікті мойындауды ұсынды.

"Қазақстанда отандық өнім өндірісін өзіміз құрмағандықтан, тәуелсіздік жылдарында осыншама қаржы бөлінсе де, кейбір тауарларға деген сұранысты жаба алмаймыз. Кейбір көршілерімізде ұлттық валюта нығаюда. Осының аясында, егер біз импортта оларға тәуелді болсақ, демек, сәйкесінше баға көтеріледі. Бұл жерде қандай логика бар? Логика бізге импортты әр тараптандыру керек: басқа елдерден, жеткізудің басқа көлік бағыттарын әзірлеу, басқа әдістерді іздеу қажет, біз инфляцияны көрші елдерден тұрақты түрде импорттай алмаймыз", – деді Әшімбаев.

Сондай-ақ ол жергілікті шаруалардың импорттық өнімдеріне басымдық беретін желілік пункттерді бақылауға алуды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996573-inflyaciyany-unemi-importtai-almaimyz-asimbaev-baganyn-osuimen-kuresu-turaly/