Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, қалың тұман: Алматы мен Астанада дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

ауа райы
Көшедегі жаяу жүргіншілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК жұма, 11 қарашада еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал Астанада қар жауып, жел күшейеді.

Жұмада Алматыда ауа температурасы +6...+8 градусты көрсетеді. Сондай-ақ, екпіні 0-5 м/с болатын жел тұруы ықтимал. Қалада қалың тұман күтіледі, сондықтан мегаполисте дауылдық ескерту жарияланып отыр.

Ал Астанада метеорологтардың мәліметінше, қар жауады. Термометр бағанасы +1...-1 градусқа дейін төмендейді. Елорда тұрғындарына желдің екпіні секундына 9-14, кейде 15-20 метрге дейін күшейетіні ескертіледі. Сонымен қатар, көктайғақ пен қарға байланысты елордада да дауылдық ескерту жарияланды.

Шымкентте бүгін жауын-шашынсыз, +8...+10 градус жылы, желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996679-almaty-men-astanada-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel