Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері ел аумағында жауын-шашын, көктайғақ, боран күтіледі

Опубликовано:

жауынды күн
Жауынды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 12-14 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері және жаңа жұмыс аптасының басында республиканың көп бөлігіне кезекті Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер әсер етеді.

Бұл факторлардың әсерінен ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Яғни, жауын-шашын, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) күтіледі.

Сондай-ақ, республика бойынша тұман, еліміздің көп бөлігінде көктайғақ, боран, қатты екпінді жел (жылдамдығы 15-29 м/с) күтіледі.

Мамандардың мәліметінше, 12-13 қарашада тек Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996753-demalys-kunderi-el-aumagynda-qatty-zauyn-sasyn-koktaigaq-kutiledi/

pixel