Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті деген күдікке ілінген жүргізуші ұсталды

Опубликовано:

жол апаты
Оқиға орны. Фото: polisia.kz

Жетісу облысында екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті деген күдікке ілінген жүргізуші ұсталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі көз жұмған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 10 қараша күні Жаркент қаласындағы Әлиев көшесінде белгісіз көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан олардың бірі - 28 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болған. Көлік жүргізуші қашып кеткен.

Басылымның дерегінше, Жаркент полицейлері адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасынан қашып кетті деген күдікке ілінген 31 жастағы Toyota Camry 10 жүргізушісін анықтап, ұстаған.

Бұған дейін бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған азамат қазір полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қатты соққыдан оқиға орнында автокөліктің мемлекеттік нөмірі (МТНБ) түсіп қалды. Сол арқылы оқиға орнынан қашқан жүргізушіні анықтау мүмкін болды. Жаяу жүргіншілерді көршілес Алматы облысының 31 жастағы тұрғыны қағып кеткендігі анықталды. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", – дейді Панфилов аудандық полиция бөлімінің өкілдері.

Ал жол апатынан аман қалған 34 жастағы ер адам дәрігерлердің бақылауында. Тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996761-zetisu-oblysynda-eki-adamdy-qagyp-oqiga-ornynan-qasyp-ketti-degen-kudikke-ilingen-zurgizusi-ustaldy/

pixel