Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түскі асқа дейін дауыс беру керек": ЕҰУ жатақханадағы атышулы видеоға түсініктеме берді

Опубликовано:

Педагог студенттердің алдында сөйлеп тұр
Педагог студенттердің алдында сөйлеп тұр. Фото: Instagram.com/ztb_video

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) студенттер үйлерінің бірінде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Бейнежазбада университет қызметкері студенттер жатақханада тұрып жатқандықтан, міндетті түрде сайлауға қатысуы керек екенін айтуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан педагогтың студенттерге түскі асқа дейін дауыс беру керек екенін айтып жатқанын көруге болады.

ЕҰУ баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видеоның үзіндісі ЕҰУ студенттер үйлерінің бірінде түсірілгенін хабарлады.

"Сайлауға алғаш рет қатысып жатқан және басқа қалалардан келген, жатақханада тұратын 1-курс студенттері SMS хабарлама алғаннан кейін дауыс беру мәселесі және сайлау учаскелерінің мекенжайы бойынша студенттер үйінің оқытушы-ұйымдастырушысына жүгінді.

Жатақхана қызметкерлері студенттердің сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар өз бастамасымен этикеттің сақталуына көңіл бөлуге кеңес берді", — деді университет.

Бұл ретте оқу орнының баспасөз қызметі университет басшылығы сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейді деген ұстанымды ұстанатынын хабарлады.

"Осы қызметкермен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Университет қызметкерлер мен студенттерге ешқандай сенім артпайтынын және Қазақстан Республикасы азаматтарының заңмен берілген барлық құқықтарын қатаң сақтайтынын ескертеміз", — деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996806-tuski-asqa-deiin-dauys-beru-kerek-euu-zataqxanadagy-atysuly-videoga-tusinikteme-berdi/

pixel