Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған полицейлері моншада жезөкшелікпен айналысқан қыздарды ұстады

Опубликовано:

Аяқкиім мен кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорған полицейлері моншада жезөкшелікпен айналысқан қыздарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында облыстық ҰҚҚКБ жедел қызметкерлері бастамашылық еткен арнайы іс-шара барысында моншалардың бірінде 58 жастағы әкімші ұсталды. Әйел жезөкшелікпен айналысу үшін жезөкшелер ордасын жүргізді және ұстады деген күдікке ілінді.

Полицейлер мекемені тексеру кезінде жезөкшелер ордасының әкімшісі клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін ұсынған бес жас қызды анықтап, ұстады.

Тиісінше көрсетілген қызметтер қомақты ақшалай сыйақы үшін ұсынылды. Жеңгетайлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу қалалық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Олар профилактикалық есепке алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996817-taldyqorgan-policeileri-monsada-zezokselikpen-ainalysqan-qyzdardy-ustady/

pixel