Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда дорбасына азық-түлікпен бірге қару салып алған әйел анықталды

Опубликовано:

Талдықорғандық әйелдің дорбасынан шыққан қару
Қару. Фото: Рolisia.kz

Талдықорғанда полицейлер азық-түлік салынған әйелдің дорбасынан қысқа ұңғылы аңшы мылтығын тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыс қаруымен жүрген әйелді полиция қызметкерлері Қаратал өзенінің жағасынан ұстаған. Ол азық-түлік салынған полиэтилен дорбаға салынған қысқа ұңғылы аңшы мылтығын алып жүрген.

"Мылтық патрондарсыз және тот басқан болып шықты. Ұсталған азаматша өз айғақтарында оны жағадан тауып алғанын және металл сынықтарға тапсыруды жоспарлағанын түсіндірді. Қазір қарудың атысқа жарамдылығын анықтау үшін қару сараптамаға жіберілді”, – деді Талдықорған қалалық полиция басқармасы.

Полиция аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталғанын айтты.

Жетісу облысының аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Екі күн ішінде заңсыз айналымнан сегіз бірлік атыс қаруы, оның ішінде бір Макаров тапаншасы, сонымен қатар сегіз патрон тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996818-taldyqorganda-dorbasyna-azyq-tulikpen-birge-qaru-salyp-algan-aiel-anyqtaldy/

pixel