Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада жасөспірім отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп қалған

Опубликовано:

Жасөспірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысы Тайтөбе ауылында жасөспірім отбасылық жанжалдан кейін телефонын өшіріп, үйден кетіп қалған. Кейін тәртіп сақшылары оның туыстарында болғанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Қосшы қаласының полиция бөліміне Тайтөбе ауылының тұрғыны жүгінген. Әйел полицейлерге 10 қараша күні сағат 13:00 шамасында оның 9 жастағы қызы үйден Косшы қаласына қарай кетіп, оралмағанын айтты. Қыздың телефоны өшірулі болған. Өздігінен іздеу сәтсіз аяқталғаннан кейін, әйел тәртіп сақшыларына жүгінген.

"Қыз баланы іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталды. Ақмола облысының полиция бөлімшелеріне және көрші қалаларға бағдар жолданды. Іздестіру барысында полицейлер жақын маңдағы аумақтарды тексеріп, қандай да бір ақпаратқа ие болуы мүмкін куәгерлерден сұрастырды. Сонымен бірге жасөспірім Астана, Көкшетау және Қосшы қаласынан ізделді", – дейді хабарламада.

Іздеу іс-шараларының нәтижесінде жасөспірімнің Қосшы қаласына маршруттық автобуспен барғаны, содан кейін Тайтөбе ауылына оралып, туыстарында болғаны анықталды.

"Тексеру барысында 9 жастағы қыздың үйдегі адамдармен жанжалдан кейін кетіп қалғаны белгілі болды, – дейді полиция өкілдері.

Ақмола облысы ПД ювеналдық полициясы бөлімінің ақпараты бойынша облыс орталығында жыл басынан бері хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмағандар туралы 75 өтініш тіркелген. Абырой болғанда барлық балалар табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996843-aqmolada-zasospirim-otbasylyq-zanzaldan-keiin-uiden-ketip-qalgan/

pixel