Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда базар өртеніп, 6 дүкен толықтай жанып кетті

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтау қаласындағы 23-ші шағынауданда орналасқан базар отқа оранып, ондағы 6 дүкен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"11 қарашада сағат 22:46-да өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары диспетчерлік қызметіне 23-ші шағынауданда орналасқан "РУСАЗ" базарының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі таңда "Балалар әлемі" дүкені, "1000 ұсақ-түйек» кеңсе тауарлары дүкені, сондай-ақ азық-түлік және дәмдеуіштер сататын бутиктер өртенгені анықталды" - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сағат 23:23-те сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 6 техника және 30 жеке құрам жұмылдырылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан 16 техника мен 81 қызметкер тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996849-aqtauda-bazar-ortenip-6-duken-tolyqtai-zanyp-ketti/

pixel