Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа Қазақстанда өмір сүреміз": Желіде талдықорғандық полицейдің видеосы қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Полицей
Видеодан кадр: instagram.com/newscorr

Желіде талдықорғандық полицейдің видеосы қызу талқыға түсті. Жетісу облыстық полиция департаменті өз қызметкерінің әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан полицей егде жастағы азаматпен сөйлесіп тұрғанын байқауға болады.

"Аға, КСРО кезіндегі түсінігіңізді тастаңызшы. Біз қазір Жаңа Қазақстанда өмір сүреміз", - дейді тәртіп сақшысы.

Қазақстандықтар патрульдік полиция қызметкерінің әрекетіне екі түрлі баға беріп жатыр.

"Ұят, қолы қалтада", "Қызметкер дұрыс айтты, бірақ тым мақтанға беріліп тұр", "Дұрыс, КСРО бұрыннан жоқ. Осыны түсінетін уақыт келді", "Түсіндіріп тастады", - деп жазды желідегілер.

Жетісу облыстық ПД видеоға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның 11 қараша күні Тадықорғанда болғанын растады. Полиция мәліметінше, ер адам автотұрақ ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттаманы рәсімдеуге наразылық білдірген. Ал құқықорғаушымен әңгіме жүргізілген.

"Патрульді қызметкердің әрекетінен соң қалалық полицияның сыртқы қызметтерінің барлық жеке құрамымен байыпты талқылау жүргізілді. Жеке құрамға Этикалық кодекстің талаптары қосымша түсіндірілді, оның нормаларына әрбір қызметкер сәйкес келуге міндетті", - деді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996874-zana-qazaqstanda-omir-suremiz-zelide-taldyqorgandyq-policeidin-videosy-qyzu-talqyga-tusti/

pixel