Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы шағын базарда жарылыс болды

Опубликовано:

Базардағы ғимаратта жарылыс болды
Оқиға орны. Фото: Абай облыстық ТЖД

Бүгін Абай облысы Курчатов қаласындағы шағын базарда жарылыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, Курчатов қалалық ПБ 102 жедел арнасына "Жайлаубай" шағын базарының ғимаратында газ-ауа қоспасының тұтандырғышы атылғаны туралы хабарлама 12 қараша күні сағат 09.35-те келіп түскен.

"Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметі бойынша бұл оқиғаның негізгі орын алу себебі - газ-ауа қоспасының тұтандырғышы. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Жарылыс салдарынан "Жайлаубай" базарының ғимараты зардап шегіп, Абай көшесі, 31 мекенжайындағы тұрғын үйдің бірнеше терезесі зақымданған. Сондай-ақ, көшеде тұрған ер адам зардап шеккен, жағдайы қанағаттанарлық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1996897-abai-oblysyndagy-sagyn-bazarda-zarylys-boldy/

pixel