Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі үйлену тойынан екі автомат тәркіленді (видео)

Опубликовано:

Қару
Қару. Фото: Рolisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойының отшашуы кезінде екі автомат қаруын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция хабарлауынша, жедел қызметкерлер үйлену тойларының бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейін атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алған.

Оқиға орнына жедел қызметкерлер тобы көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жіберіледі.

"Жедел ақпарат дұрыс болып шықты: түнгі сағат 00.00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді", – делінген хабарламада.

Оқиға болған жерді қарау кезінде криминалистер жиырмаға жуық атылған оқтың гильзасын тапты. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада тойда атыс болып, бір адамның ұсталғаны жайлы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997066-symkenttegi-uilenu-toiynan-eki-avtomat-tarkilendi-video/

pixel