Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытгүл Хаменова мен тағы екі айыпталушыға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот отырысы
Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша судья үкімді оқуда. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атыраудағы №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменовамен тағы екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот үкімімен Бақытгүл Хаменова кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты ол жазасын 3 жылдан кейін өтейді.

Сондай-ақ Хаменова "Құрмет" орденінен де айырылды. Одан бөлек, оған мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойына тыйым салынды. Хаменова сот залынан босатылды.

Тағы екі айыпталушы Рысқалиев пен Адамов та кінәлі деп танылды. Олардың бірі - өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев 7 жылға, ЖШС директоры Өміртай Адамов 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Хаменова өз кезегінде қылмыскер еместігін және соны дәлелдеу ушiн соңына дейiн күресетінін жеткізді.

"Мен адвокатыммен бірге соңына дейін барамын. Бұл үкіммен келіспеймін", - дейді Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген еді.

Ал ЖШС директоры Өміртай Адамов пара берді деген күдікке ілінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997179-baqytgul-xamenovaga-sot-ukimi-syqty/

pixel