Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда "полицейлердің" жаңа басшы үстінен жазған шағымына қатысты тексеру жүргізілмек

Опубликовано:

полиция
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

Желіде жезқазғандық полиция қызметкерлері жазды делінген шағым тарағаннан кейін қызметтік тексеріс жүргізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шағым Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланған болатын.

Жазба авторлары Жезқазған полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалғаннан кейін жұмысшыларды жаппай қысқарту басталып, ұжымда алауыздық орын алғанын алға тартады.

"Жезқазғанда полиция көтеріліс жасады ма? Полиция қызметкерлерінің жаңа басшыға шағымданған осындай ұжымдық үндеуі келді. Олар қарапайым патрульшілер емес, орта буын басшылары. Олардың сөзінше, Қарағандыдан келген адам қазір барлығын жұмыстан шығаруға тырысуда, ал босаған орындарға жерлестерін тартады", - делінген жария болған хабарламада.

Үндеу авторлары сондай-ақ, жаңа басшының өзін жөнсіз ұстауы, қарамағындағыларға дөрекі сөйлеп, артық жұмыс істеуге мәжбүрлеп, түрлі заңбұзушылықтар үшін айыптауы себепті жеке құрамның басқа бөлімшелерге ауысуға әрекеттеніп жатқанын да атап көрсетеді.

"Осындай мінез-құлқы оның бізбен бір жолда емес екенімізді көрсетеді. Сірә, ол бұл қызметке қате тағайындалған", - делінген үндеу мәтінінде.

Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі шағыммен танысқандарын хабарлады.

"Жағдайға объективті баға беру үшін бұл өтініш бойынша қызметтік тексеру жүргізіледі", - дейді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997306-zezqazganda-policeilerdin-zana-bassy-ustinen-zazgan-sagymyna-qatysty-tekseru-zurgizilmek/

pixel