Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бейтаныс адамдармен билеген": Шымкентте туған күннен қайтқан ерлі-зайыптының жанжалы қайғылы жағдаймен аяқталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте достарының туған күніне барған ерлі-зайыпты жұп арасында жанжал шыққан. Кафеден қайтқан соң ер адам қызғаныштан әйеліне пышақ жарақатын салған. Әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, биыл 17 маусымда 48 жастағы ер адам сыныптасының туған күніне кафеге барған. Бірінші әйелімен ажырасып, екінші рет некелескен ер адам жаңа әйелін өзімен бірге кафеге алып барған. Ол әйелін достарымен таныстыруды көздеген. Алайда жұбайлар арасында кафеде қызғаныштан жанжал туған. Ерлі-зайыпты жұп бейтаныс адамдармен билеген.

Әйелімен сөзге келіп қалған ер адам мекемеден жаяу шығып кеткен. Ал әйелді үйіне ағасы жеткізіп салған. Ерлі-зайыпты жұп үйде кездескен кезде күйеуі оған пышақ ала жүгіріп, арқасынан терең жарақат салған. Әйел дауыс шығарып, айғайлап үлгерген. Сол сәтте аулада көлікте отырған әйелдің ағасы оған көмекке келген. Ол күйеу баласын пәтерден жүгіріп шыққан кезде көрген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимай көз жұмған.

Күдікті қамауға алынды. Оған абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген айып тағылды. Абай аудандық соты ер адамды кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Әйелдің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997365-beitanys-adamdarmen-bilegen-symkentte-tugan-kunnen-qaitqan-erli-zaiyptynyn-zanzaly-qaigyly-zagdaimen-ayaqtaldy/

pixel