Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Опубликовано:

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pexels.com

Биыл желтоқсанда өткен жылдармен салыстырғанда мереке күндері азайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атап айтқанда, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.

Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.

Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай:

  • бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);
  • алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.

Ал 31 желтоқсан және 1 қаңтар демалыс күндеріне түсетіндіктен, қазақстандықтар бұл күндері жұмыс істемейді.

Жалпы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997382-qazaqstandyqtar-zeltoqsanda-qansa-kun-demalady/