Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасы банктің" төрағасы: Шамамен 147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тіркелген

Опубликовано:

Баспана
Баспана. Көрнекі фото: Pixabay.com

"Отбасы банк" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Стратегиялық бастамалар формуында 147 қазақстандықтың атына 20-дан астам баспана тіркелгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стратегиялық бастамалар формуында Ләззат Ибрагимова журналистердің өзіне жиі қоятын "бір басында екіден көп пәтер бар қазақстандықтың саны қанша" деген сауалға жауап берді.

"607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз – 4 823. Ал 1 935 адамда 6 пәтерден бар. 742 адамда 7 пәтерден бар. Осылайша пәтер саны көбейген сайын адам саны азая түседі. Бірақ шамамен 147 адам бар, олардың атына 20-дан астам баспана тіркелген", – дейді Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, бұған дейін "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы 2023 жылы да жалғасын табуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997479-otbasy-banktin-toraiymy-samamen-147-qazaqstandyqtyn-atyna-20-dan-astam-baspana-tirkelgen/

pixel