Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мектептерде гаджеттермен сабақ оқу ұзақтығын белгілеу ұсынылды

Опубликовано:

оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: pexels.com

"Ашық НҚА" порталында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы" құжаты талқыға шығарылды. Онда елімізде мектепалды сыныптарда және мектеп оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу ұзақтығын белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық талқыға шығарылған құжатта мектепалды сыныптардағы сабақтың ұзақтығын - 25-30 минуттан, сабақ санын төртеуден асырмау ұсынылып отыр. Ал сабақ арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуы керек.

Құжатта оқушылардың мектепте дербес компьютер, планшет және ноутбукпен сабақ оқу ұзақтығын белгілеу де ұсынылған.

Жаңа өзгерістерге сай оқушылардың оқу сағаты ішінде гаджеттермен оқу ұзақтығы:

  • мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда - 15 минуттан;
  • 2-3 сыныптарда - 20 минуттан;
  • 4-5-сыныптарда - 25 минуттан;
  • 6-8 сыныптарда - 25 минуттан;
  • 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспауы керек.

Қоғамдық талқылау 30 қарашаға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997511-elimizde-mektepterde-gadzettermen-sabaq-oqu-uzaqtygyn-belgileu-usynyldy/

pixel