Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті миллион теңге қажет": Ақтөбедегі ең үлкен бассейннің суы бес жыл бойы ауыстырылмаған

Опубликовано:

хауыз
Бассейн. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде жүзу спортымен айналысатын балалардың ата-аналарының шағымынан соң қаладағы ең үлкен бассейн тексерілді. Нәтижесінде ондағы су бірнеше жыл бойы ауыстырылмай, тек хлорланғаны анықталған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметінше, Ақтөбедегі ең үлкен бассейннің суы соңғы рет 2017 жылы ауыстырылған. Бес жыл бойы суы ауыстырылмаған хауызға 800-ден астам бала түсіп, жүзу спортымен айналысып келген.

Бұған дейін ата-аналар шағымданып, балаларының денесі бөртіп кеткенін және жөтел, аллергия пайда болғанын айтқан еді. Олар бассейнде хлордың көлемі тым көп деп күдіктенген болатын. Осыдан соң судан сынама алынып, арнайы тексеру басталған.

Нәтижесінде бассейннің суы соңғы рет бес жыл бұрын ауыстырылғаны анықталған. Бұны облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы растап отыр.

"Жалпы бассейндегі суды соңғы рет 2017 жылы ауыстырған. Өйткені бұл қымбатқа түседі. Жеті миллион теңге. Жалпы бассейнде сүзгілер үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сондықтан ол суға түсуге болады. Тағы да сынама алдық, енді соның нәтижесін күтеміз", - дейді Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әділбек Ділжанов

Материал авторы: Б. Рақметова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997530-zeti-million-tenge-qazet-aqtobedegi-en-ulken-basseinnin-suy-bes-zyl-boiy-auystyrylmagan/

pixel