Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты тіркелді: қалалық полиция үндеу жасады

Опубликовано:

жол
Жол қозғалысын бейнебақылау камерасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бір тәулікте 136 жол апаты болды. Осыған байланысты қалалық полиция жол қозғалысы қатысушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығының ЖПҚБ кезекші бөлімінің мәліметіше, 16 қараша таңғы сағат 08:00-ден 17 қараша таңғы сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласында 136 жол апаты тіркелген.

26 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер болған. Адам шығыны тіркелмеген.

Осыған байланысты Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырып отыр.

"Біз көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға септігін тигізеді", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сондай-ақ полиция өкілі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік иелеріне көліктерінің дөңгелектерін қысқы мезгілге арналған дөңгелектерге ауыстыруды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997545-almatyda-bir-taulikte-136-zol-apaty-tirkeldi-qalalyq-policiya-undeu-zasady/

pixel