Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев өрттен бірнеше адамды құтқарған астаналық өрт сөндірушілерді марапаттады

Опубликовано:

өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен бірнеше адамды құтқарған елордалық екі өрт сөндірушіні марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Президент жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін келесі өрт сөндірушілер марапатталды.

  • Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Астанада 15 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы пәтерден өрт шығып, оқиға орнына лезде жеткен өрт сөндірушілер бірнеше адамды құтқарған еді.

Кейін қызмет барысында өрт сөндірушілердің екеуі күйік шалып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бірінің жағдайы ауыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997694-toqaev-ortten-birnese-adamdy-qutqargan-astanalyq-ort-sondirusilerdi-marapattady/

pixel