Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

Қайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартылған.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 17 қарашада сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуды санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген қалалық соттың баспасөз хабарлмасында.

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген биыл сәуір айында ұсталған еді. Кейін Алматы қаласының прокуратурасы оның қаңтар оқиғасы бойынша - жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікпен ұсталғанын мәлім етті. Алайда Қайрат Құдайберген өзіне тағылған айыптың барлығын жоққа шығарды.

Қазан айының соңында Бас прокуратура Қайрат Құдайберген мен Дикий Арман атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қаңтар оқиғасына қатысты жарияланған рақымшылыққа ілікпейтінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997702-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/

pixel