Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мегаполистерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Опубликовано:

Медеу
Қысқы Медеу. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жұма, 18 қараша күні Қазақстанның мегаполистерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бүгінгі күнге арналған ағымдағы болжам "Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметінің ресми сайтында ұсынылған.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда күн бұлтты, ауа температурасы +5...+7 градус, желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге дейін жетеді.

Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, термометрлер -7...-9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Шымкенттіктерді жылы ауа райы күтіп тұр. Мұнда термометрлер бағаны +10...+12 градусты көрсетеді. Алайда үшінші мегаполисте жел секундына 8-13 м күшейеді деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997714-qazaqstan-megapolisterinde-zauyn-sasynsyz-aua-raiy-kutiledi/

pixel