Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші мерт болды

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласында қоғамдық көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы 17 қарашада жергілікті уақытпен сағат 21:00 шамасында болған.

”Атырау қаласынан Индер ауданы бағытына салынған күре жолдың бойында орналасқан ”Көктем” шағынауданына қатынап жүрген Youtong маркалы қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жаяу жүргінші аталған шағынауданның №27 көшесіндегі жолдың белгіленбеген тұсынан өтіп бара жатқан. Апаттан 1988 жылғы жаяу жүргінші оқиға орында мерт болды. Ал, қоғамдық көліктің рулінде 37 жастағы жүргізушінің болғаны анықталды”, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс құжаттары жиналып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997738-atyrauda-avtobus-qaqqan-zayau-zurginsi-mert-boldy/