Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда тұрғыны қызды интимдік суреттерімен бопсалады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Аяғын ұстап отырған қыз
Көрнекі фото: Pexels.com

Қызылордада 29 жастағы бойжеткенді интимдік суреттерімен бопсалап, қоқан-лоққы көрсеткен күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды POLISIA.KZ.

Полиция хабарлауынша, тиісті органға 29 жастағы азаматша арыз түсірген. Айтуынша қыздың танысы әлеуметтік желіге оның интимдік сипаттағы фотоларын жариялаймын деп қорқытып, бопсалау арқылы ақша талап еткен.

Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, кезекші тәулік ішінде 33 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Заттай дәлелдемелер алынды.

"Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 194 бабы 1 – бөлігі (Қорқытып алушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Қызылорда қалалық ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Айбек Тұрғанбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997759-qyzylorda-turgyny-qyzdy-intimdik-suretterimen-bopsalady-degen-kudikke-ilindi/

pixel