Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда қызыл күртеше киген белгісіз ер адам оқушы қызды аңдыған

Опубликовано:

күдікті
Күдікті. Видеодан кадр: t.me/taldykorganec7282

Талдықорғанда ер адамның оқушы қызды аңдып, оған тиіспек болған сәті видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазбаға Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған кадрлардан қызыл күртеше киген белгісіз біреудің көшедегі оқушы қызды көріп, кенет бағытын өзгертіп, оның соңынан ергенін көруге болады.

"Күдікті ер адам 12 жастағы қызды мектептен үйге дейін аңдыған. Артынша тұрғын үй кіреберісінің маңында сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған", - делінген видео сипаттамасында.

Бұл жайтқа қатысты Жетісу облысының полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның жауабын ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы жариялады.

Құзырлы органның мәліметінше, 16 қараша кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған. Бала зардап шекпеген.

"Аталған факт бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылуда, оларға облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды. Тергеу жүргізілуде. Іс Жетісу облысы полиция департаменінің бақылауында", - делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997819-taldyqorganda-qyzyl-kurtese-kigen-belgisiz-er-adam-oqusy-qyzdy-andygan/

pixel