Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Ниязов: Қазақстанда жұмыс істейтін мүгедектігі бар 120 мыңға жуық адам тұрады

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay

Елімізде мүгедектігі бар азаматтар қандай жұмыстарға орналаса алатыны туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов айтып берді.

- Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту департаменті қандай шаралар қабылдауда?

- Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңы мен "Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы" шеңберінде іске асырылады.

Ұлттық жоба шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және азаматтардың жекелеген санаттары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан, жұмыс орнында оқытудан, электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) базасында онлайн оқытудан өте алады (skills.enbek.kz). Олар сондай-ақ бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз мемлекеттік гранттар алу мүмкіндігіне ие.

Бұдан басқа, тиісті жандарды мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және ЭЕБ порталында орналастырылған бос орындарға жұмысқа орналастыру көзделген.

Сонымен қатар Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардағы еңбек орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санына (кемінде 50 адам) сүйене отырып, мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осылайша, кәсіпорындар мүгедектігі бар адамдарды ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан жұмысқа орналастыруға міндетті.

- Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін мемлекет қандай қаражат бөледі?

- 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілер көтеретін шығындарды субсидиялаудың белгілі бір тәртібі енгізілді. Бұл қаражат жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін керек-жарақ сатып алу, монтаждау және орнату шығындарын өтеу ретінде беріледі.

Бүгінгі таңда көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін 51 арнайы жұмыс орны құрылды.

Фото
Фото: pixabay

- Мүгедектігі бар азаматтың жұмысқа орналасу тұрғысынан мүмкіндіктері туралы айтып берсеңіз? Ол бос жұмыс орындары бойынша қайда жүгінуі керек? Қандай электрондық порталдарға кіруге болады?

- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жоғарыда аталған шараларына қатысу үшін тұрғылықты жер бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну немесе Электрондық еңбек биржасы порталын пайдалану қажет.

ЭЕБ негізінен цифрлық экожүйе болып табылады және негізгі платформа - Enbek.kz-тен басқа тағы бірқатар порталдардан тұрады. Сондай-ақ оған онлайн режимде барлық халықты жұмыспен қамту орталықтары және жұмыс іздеуге арналған 5 интернет-алаң қосылған.

Бірқатар сервис әлі де пысықталуда, бірақ қазақстандықтар қазірдің өзінде Skills.Enbek порталында ауқымды қызмет көлемін пайдалана алады. Сонымен бірге біліктілікті арттыру немесе дағдыларды үйрену бойынша әртүрлі курстардан өтіп, ЭЕБ түйіндемесіне қосылатын сертификат алуға болады. Ұлттық жоба шеңберінде гранттарға өтінімдер Business.Enbek кәсіпкерлікті дамыту шараларын көрсету жөніндегі автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданады. Болашақта қолжетімді қызметтер ауқымы кеңейтілетін болады.

Егер статистика туралы айтатын болсақ, қазір (ағымдағы жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша) ЭЕБ-да 142,1 мың түйіндеме және 106,7 мың бос жұмыс орны, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін 5,8 мың бос жұмыс орны орналастырылды.

Жыл басынан бері ЭЕБ арқылы 431,4 мың жұмыс іздеуші жұмысқа орналастырылды. Жалпы, ЭБТ қызметтерін 713,4 мыңнан астам жұмыс беруші және 1,9 млн астам жұмыс іздеуші пайдаланды.

Фото
Фото: pixabay

- Жұмысқа қабылдау кезінде және тікелей жұмыс барысында мүгедектігі бар адамдарды кемсітуге жол бермеу мақсатында Еңбек министрлігі мен жұмыспен қамту департаменті қандай шаралар қолдануда?

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, жұмыс істеуге денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсеткіштер болмаса, мүгедектігі бар адамдардың еңбекке құқығы регламенттелген. Бұл ретте медициналық қорытынды негізінде жұмысты атқаруға денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсеткіштер болған жағдайда, жұмысты орындау үшін еңбек шартын жасауға жол берілмейді. Мүгедектігінің бар болуы себебінен онымен еңбек шартын жасаудан бас тартуға, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруға, мүгедектігі бар адамның келісімінсіз оның жұмысын ауыстыруға жол берілмейді.

Сондай-ақ қазіргі уақытта мүгедектік тобының болуы адамның еңбекке қабілеттілігінің немесе еңбекке жарамсыздығының көрсеткіші емес екенін атап өткен жөн. Адамдарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру кезіндегі негізгі факторлар - олардың біліктілігі, кәсіби құзыреті, кәсіби міндеттерін орындау үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы.

Осылайша, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектік тобына қарамастан, егер оларға денсаулық сақтау ұйымы мамандарының медициналық қорытындысы бойынша еңбек қызметінің түрі қарсы көрсетілмесе, жұмыс істеуге құқылы.

- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша статистиканы келтірсеңіз. Елімізде мүгедектігі бар еңбекке қабілетті адамдар қанша, олардың қаншасы жұмыс істейді және Ұлттық жобалар шеңберінде қаншасы жұмыспен қамтамасыз етілді?

- Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикада мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдардың саны (1.07.2022 жылға) 119,8 мың адамды құрайды, оның ішінде бірінші топта – 4,3 мың адам, екінші топта – 30,1 мың адам, үшінші топта – 85,4 мың адам.

Ұлттық жоба шеңберінде 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 26 мыңға жуық мүгедектігі бар адам жұмыспен қамту органдарына жүгінді, оның ішінде 14,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына-6,8 мыңы.

Субсидияланатын жұмыс орындарымен 8 мыңға жуық мүгедектігі бар адам қамтамасыз етілді (әлеуметтік жұмыс орындары – 897 адам, қоғамдық жұмыстар – 6,4 мың адам, жастар тәжірибесі – 507 адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы – 88 адам, "Ұрпақтар келісімшарты" – 9 адам, "Күміс жас" – 173 адам).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997848-asqar-niyazov-qazaqstanda-zumys-isteitin-mugedektigi-bar-120-mynga-zuyq-adam-turady/

pixel