Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жылқымен соқтығысқан көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Жол апатына түскен көлік
Жол апатына түскен көлік. Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодарда жылқымен соқтығысқан көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Ақсу Павлодар тас жолында болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желілердің бірінде куәгерлер Ақсу мен Павлодар тас жолында жол көлік оқиғасының бейнеролигін жариялаған.

Павлодар облысы жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау 18 қараша күні сағат 01:16-да түсті.

Апаттың орын алуына Ақсу мен Павлодар арасында автокөліктің жылқымен соқтығысқаны себеп болған. 

33 жастағы ер адам №1 ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997890-pavlodarda-zylqymen-soqtygysqan-kolik-zurgizusi-auruxanaga-zetkizildi/

pixel