Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер бүгін, 19 қарашада Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.
Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін Астанада термометр бағанасы -3...-5 градусты көрсетеді. Ал желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады деп күтілуде.
Мамандар Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын хабарлады. Бүгін оңтүстік астанада +7...+9 градус болады, дейді синоптиктер.
Ауа райын болжаушылар бүгін Шымкентте термометр бағанасы +11...+13 градусты көрсететінін жеткізді. Ал желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997897-bugin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/