Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың кейбір көшелерінде жылдамдық режимі өзгерді

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астананың кейбір көшелерінде жылдамдық режимі өзгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін және кері бағытта жылдамдық режимі өзгертілген.

Бұрын осы учаскеде жылдамдық 80 км/сағ дейін рұқсат етілген.

"Қазіргі уақытта бірқатар тұрғын үй кешендері мен сервис объектілерін салуды және пайдалануға беруді ескере отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық 60 км/сағ дейін төмендеді.

Сонымен қатар, жылдамдық режимі "Бағыстан" тұрғын алабынан Оңтүстік айналма жолға дейінгі Анырақай көшесінің учаскесінде өзгертіліп, ең жоғары жылдамдық сағатына 80 км-ге дейін ұлғайтылды.

Көрсетілген өзгерістерді назарға алып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз", - деді полиция.

Осы орайда тәртіп сақшылары аталған учаскелерде жылдамдық режимін тіркейтін "Сергек" камералары жұмыс істейтінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997920-astananyn-keibir-koselerinde-zyldamdyq-rezimi-ozgerdi/

pixel