Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесін жетілдіру көзделуде

Жарияланған күні:

құрылыс алаңы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін (ЖОМС) дамыту шеңберінде осы саладағы заңнаманы жетілдіруге қатысты жұмыс жүргізу жоспарлануда, деп жеткізді ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаменті еңбек басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйелері халықаралық стандарттар мен тәсілдерге сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, сақтандыру – бұл еңбек жағдайын жақсарту, кәсіби тәуекелдерді басқару және еліміздің еңбек ресурстарын сақтау бойынша ең тиімді реттеуші тетік.

"ЖОМС дамыту жұмыс берушінің кәсіптік тәуекел деңгейін төмендетуге және еңбек жағдайын жақсартуға қызығушылығын арттыруды көздеуге тиіс. Мысалы, діріл немесе шу көзі болмайтын жаңа жабдықты орнату", - дейді Шалқар Оразбеков.

Ол үшін, оның айтуынша, ЖОМС жүйесін реформалау кезінде сараланған тәуекелге бағдарланған тәсілді күшейту және оның алдын алу бағытын кеңейту қажет. Бұл сақтандырудың негізгі мақсаттарына: тарифтің негізділігіне, сақтандыру сомасының дұрыстығына немесе сәйкестігіне, тәуекелді белгілеу үшін деректердің толықтығына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Жұмыс беруші сақтандыру тарифін төмендетуге, қызметкер - өзінің еңбекке қабілеттілігін сақтауға, сақтандыру ұйымы – сақтандыру төлемдерін төмендетуге мүдделі. Өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алудың, сондай-ақ өндірісте зардап шеккен қызметкерлерді оңалтудың міндетті бағдарламаларын әзірлеу және енгізу арқылы олардың мүдделері арасындағы өзара байланысты күшейту ЖОМС жүйесінің еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауды жақсартуды экономикалық ынталандыру жөніндегі тиімділігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді", - деп тарқатады Шалқар Оразбеков.

Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру тетігін жетілдіру 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-қимыл жоспарының міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

"Жоспардың екінші бағыты жұмыс берушіні кәсіптік тәуекелді төмендету, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауға экономикалық ынталандыру болып саналады. Мұнда сақтандыру бірінші орынға шығады. Қазір бұл жағдай болғаннан кейін қолға алынып жатыр. Жазатайым оқиға орын алғаны сол, тиісті төлемдер басталады, оңалту тағайындалады және тағы басқа. Алайда сақтандыру бағдарламалары профилактикалық сипатта болуы керек. Сақтандырушылар өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қолдануы қажет. Кәсіпорындардың еңбек жағдайын жақсартуы үшін озық жұмыс істеу және қаражат салу маңызды", - деп атап өтті Шалқар Оразбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1997925-qazaqstanda-ondiristegi-zazataiym-oqigalardan-saqtandyru-zuiesin-zetildiru-kozdelude/