Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура әлеуметтік желіде президенттік сайлауға қатысты тараған жалған ақпарат туралы айтты

Опубликовано:

Сайлау учаскесі
Сайлау учаскесі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде президент сайлауына орай өтіп жатқан телемарафон эфирінде Бас прокуратура өкілі әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас прокуратураның ресми өкілі Азамат Серғазиннің айтуынша, осы сағатқа дейін президент сайлауында азаматтардың сайлау құқығын бұзу және басқа да заңсыз әрекеттер тіркелмеген.

Алайда оның айтуынша, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таралуда.

"Әлеуметтік желілерде жекелеген қолданушылар сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтардың болғаны туралы ақпарат таратып жатыр. Тексеріс кезінде бұл расталмады.

Мысалы, Facebook әлеуметтік желісінде Қарағандыдағы прокуратура өкілдері "Еркіндік Қанаты" қоғамдық қоры бақылаушыларының қызметіне кедергі келтіріп жатқаны туралы жазба жарияланды. Біз бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтадық.

Баршаның есіне сала кетейін, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", — дейді Азамат Серғазин.

Еске салайық, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998077-bas-prokuratura-aleumettik-zelide-prezidenttik-sailauga-qatysty-taragan-zalgan-aqparat-turaly-aitty/

pixel