Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арнайы құралдар қолданылмады": Алматы полициясы сайлау күні ұсталғандар туралы айтты

Опубликовано:

Полиция өкілдері
Полиция өкілдері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының полиция департаменті бүгін, 20 қарашада болып жатқан президент сайлауы кезінде қаладағы рұқсат етілмеген митингілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сайлау кезінде рұқсат етілмеген акциялар мен митингілер өткізуге қатысты заң бұзушылықтар болды. Біздің заңдарда кез келген бейбіт жиналыстар, шерулер мен демонстрацияларды өткізу тәртібі нақты көрсетілгенін білесіздер. Заң талаптарын орындамағаны, оны бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған", – деп ескертті полицейлер.

Алматы ПД ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағанын айтты. Рұқсат етілмеген акциялардың ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушылары ІІО-на жеткізілді.

"Олардың кейбіреуі азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің сот үкімінің минимумы, пропорционалдылығы және рұқсат етілгендігі туралы талаптары ескеріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады, кейбірі профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды", – дейді полиция.

Бұл іс-шараның барлығын қалалық полиция қызметкерлері заң талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізгені атап өтілді.

"Тәртіп сақшылары азаматтармен тілдесу кезінде өзін барынша дұрыс ұстады, құқық бұзушыларды жеткізген кезде арнайы құралдар қолданылмады",– деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін елімізде қанша полиция қызметкері сайлау күні қауіпсіздікті қамтамасыз еткені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998124-arnaiy-quraldar-qoldanylmady-almaty-policiyasy-sailau-kuni-ustalgandar-turaly-aitty/

pixel