Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда дауыс беруге жас жұбайлар да келді

Опубликовано:

жас жұбайлар
Уазхановтар отбасы. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда Қазақстан Президентін сайлауға азаматтық ұстанымы берік жас жұбайлар да ертелетіп келген. Жастар бұл маңызды күннің отбасылары үшін де, Отан үшін де тарихилығын атап өтті.

"Бүгін еліміз бойынша маңызды сәт – Президент сайлауы өтуде. Жұбайым екеуміз таңертең ерте тұрып, сайлау учаскесін бетке алдық. Мақсатымыз – еліміздің келешегін кемел ететін, лайықты үміткерге дауыс беру.

Әрине, егемендік жылдары ілкімді істер атқарылып, оң өзгерістер орын алды. Халықтың әлеуметтік жағдайы да жылдан жылға жақсарып, тұрмысы түзеліп келеді. Бастысы – демократия қағидалары орныққан, ашық қоғамға қадам бастық. Бүгінгі саяси шара – соның айқын дәлелі. Біз секілді жас отбасыларға да аз қолдау жасалып жатқан жоқ. Ендеше, сайлау қорытындысы бойынша жаңа сенім мандатына ие болған үміткер осы ауқымды істерді әрі қарай жалғастырып, тың реформаларды жүзеге асырарына күмәнім жоқ", - дейді жас отбасы – Уазхановтар.

жұбайлар
Рахимбаевтар отбасы. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

"Бүгін, міне, теңдік пен құқықтық саясат салтанат құрған мемлекетке айналдық. Бейбітшілік қыраны көк аспанымызда самғап, әлемдік аренадағы өз орнымызды айғақтадық. Бүгінгі өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауы да тәуелсіз елдігіміздің бір көрінісі.

Кандидаттардың ешқайсысы да осал емес. Барлығы да тәжірибесі толысқан, мемлекеттік қызметте ысылған азаматтар. Сондықтан құқығы бар әрбір отандасымыз сайлауға келіп, өз таңдауын жасағандары абзал. Бұл еліміздің ертеңі үшін маңызды", - дейді Рахимбаевтар отбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998126-tarazda-dauys-beruge-zas-zubailar-da-keldi/

pixel