Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың есімін шөбересіне қойған 92 жастағы әже елге бата берді (видео)

Опубликовано:

Танай Найманбайқызы бата беруде
Танай Найманбайқызы. Видеодан кадр: Астана арнасы

Шөбересіне мемлекет басшысының есімін қойған әже елге бата берді. Тоқсаннан асқан әжей Павлодар облысына қарасты Аққулы ауданында тұрады, деп хабарлайды Астана арнасы.

2019 жылы дүние есігін ашқан шөбересіне Танай Найманбайқызы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімін қойған.

15 құрсақ көтеріп, одан 53 немере, 83 шөбере көріп отырған бақытты әже қолы қалт етсе, ине-жібін ұстап, құрақ көрпе тігеді.

Жасы 92-де болса да, елдегі жаңалыққа құлағы түрік. Газет оқып, шөберелеріне ертегі айтып береді. Бүгінгі күніне шүкірлік ететін қария күн сайын елінің амандығын тілейді.

"Әуелі Құдай қолдасын! Оң жағынан қолдасын! Алқамның қуатын берсін! Бастың амандығын берсін! Елімізге тыныштық берсін жасаған Алла! Қазақ елінің көк туы желбірей берсін!", - дейді Танай Найманбайқызы.

Материал авторы: Ө. Қуанар

Айта кетелік, сайлау күні елімізде 634 бала өмір есігін ашқан. Оның ішінде алты егіз бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998183-toqaevtyn-esimin-soberesine-qoigan-92-zastagy-aze-elge-bata-berdi-video/

pixel