Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда оқушылар зауыт маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапқан

Опубликовано:

Талдықорғанда табылған қару мен оқ-дәрі
Талдықорғандық оқушылар тапқан қару мен оқ-дәрі. Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда оқушылар жұмысы тоқтап тұрған зауыттың маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тауып алып, ол туралы полицияға хабар берген, деп жазады ІІМ-нің ресми Polisia.kz ақпараттық медиапорталы.

Басылымның хабарлауынша, Талдықорған қаласының мектеп оқушылары, екі жасөспірім зауыт маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тауып алған.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2 Макаров тапаншасы және 30-дан астам патрон тәркіледі. Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді", – делінген хабарламада.

Азаматтық борышын көрсеткен саналы жасөспірімдерді қалалық полиция басшылығы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттаған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларына лайықты тәрбие берген ата-аналарына алғыс білдірді.

Облыс полицейлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Бұл ретте полиция өкілдері адамды қамауға алу кезінде, сонымен қатар оларға анықтау және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған қару "өз еркімен тапсыру" деп танылмайтынын ескертіп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998272-taldyqorganda-oqusylar-zauyt-manynan-qaru-zaraq-pen-oq-dariler-tapqan/

pixel