Сейсенбіде еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар жауып тұр
Қар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 22 қарашада Қазақстанның үш ірі қаласында жауын-шашын күтіледі. Астанада аяз, Шымкентте ауа температурасы 10 градустан жоғары болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бүгін Астанада күндіз қар жауады. Термометр бағанасы -6 ​​... -8 градусты көрсетсе, түнде -12 ... -14 градусқа дейін төмендейді. Елордада желдің жылдамдығы 7-12 м/с болады.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда жаңбыр түрінде жауын-шашын болады. Қалада күндіз ауа температурасы +6...+8 градусқа дейін, түнде ауа температурасы +2...+4 градусқа дейін жылынады.

Сейсенбі күні Шымкентте синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр. Қалада күндіз +10...+12 градусқа дейін жылы болады, түнде ауа температурасы +3...+5 градусқа дейін төмендейді. Мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с болмақ.

Еске салайық, бүгін Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жарияланды. Республиканың кей жерлерінде жаңбыр, қар жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998343-seisenbide-elimizdin-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/