Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық ұланның қызметкелері көшеде есінен танып құлаған жүкті әйелді құтқарып қалды

Опубликовано:

Ұлттық ұланның қызметкерлері
Жүкті әйелге көмек көрсеткен Ұлттық ұланның қызметкерлері. Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның қызметкерлері көшеде есінен танып, құлап қалған жүкті әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 22 қараша күні сағат 9:30 шамасында Семей қаласындағы Би-Боранбай көшесінің бойында келе жатқан аяғы ауыр әйел кенет есінен танып, құлап қалған.

Осы кезде тәуліктік кезекшіліктен шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан 5511 әскери бөлімінің үш әскери қызметкері құлап жатқан әйелді байқап қалған.

Олар дереу көліктерін тоқтатып, 103 шұғыл нөміріне хабарласқаннан кейін, уақыт жоғалтпастан талып жатқан әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Зардап шегушіге есін жиюға көмектесу барысында оның "Идиопатиялық эпилепсия" диагнозымен есепте тұрғаны анықталған.

Жедел жәрдем келе сала әйелді бірден қалалық перенаталдық орталыққа алып кетеді. Қазіргі таңда әйелдің денсаулығы бір қалыпты дейді Ұлттық ұланның өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998496-ulttyq-ulannyn-qyzmetkeleri-kosede-esinen-tanyp-qulagan-zukti-aieldi-qutqaryp-qaldy/

pixel